
Минск, 2022 жылғы 7 мамырда - Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 77 жылдығы қарсаңында Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігі соғыс жылдарында Беларусь аумағында қаза тапқан «Қазақстандық-жауынгерлер» ескерткішіне (Минск қаласы) және қазақстандық жауынгерлерінің бауырлас зиратына (Радошковичи ауылы) гүл шоқтарын қоюды ұйымдастырды.
Іс-шараларға қазақстандық дипломаттар, Радошковичи ауданы Атқарушы комитетінің басшылығы, сондай-ақ Азаматтық қорғау университетінің қазақстандық курсанттары қатысты.
Қазақстан Республикасының Беларусьтегі Елшілігінің әскери атташесі Серік Жақыпов өз сөзінде Ұлы Отан соғысында қазақстандықтар басқа халықтармен бірге ортақ бостандық пен тәуелсіздікті бір иықпен қорғап, барлық майданда бірге шайқасып, ерлік пен батылдықты көрсеткенін атап өтті. Соғыс жылдарында 520 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Олардың 84-іне Беларусь жерін азат ету шайқасы үшін берілді. Он мыңдаған жауынгер ордендер және медальдармен марапатталды, 100-ден астам жауынгер Даңқ орденінің толық иегері атанды.
С.Жақыпов қазақстандықтар тек майданда ғана емес, жау тылында да шайқасқанын атап өтті. Басқа халықтармен бірге олар партизандық қозғалысқа қатысты. Беларусьтің түрлі аймақтарында жұмыс істеген 65 партизан бригадасы мен отрядтары құрамында 1500-ден астам қазақстандық болды. Партизан қозғалысының батырларының есімдері Ұлы Жеңіс тарихында мәңгі жазылған: Ғалым Ахмедияров, Ғалым Омаров, Нұрым Садықов, Қасым Қайсенов, Нұрым Сыздықов, Әди Шәріпов, Тоқтағали Жангелдин және т. б.
Бауырлас зиратта (Радошковичи ауылы) Халық қаһарманы Бақтыораз Шампекұлы Бесікбаев жерленген, ол 1941 жылғы 26 маусымда жауынгерлік ұшу кезінде ұшақ экипажымен бірге Молодечно-Радошковичи тас жолындағы жау механикаландырылған колоннасының тараны нәтижесінде қаза тапқан.
Өз сөзін аяқтай келе, әскери атташе С.Жақыпов Қазақстан үшін Беларусь секілді Ұлы Отан соғысын еске алу қасиетті, оның ішінде тағдыры мәңгі Беларусь жерімен байланысқан қазақстандық жауынгерлерді еске алу қасиетті екенін атап өтті.
Сондай-ақ С.Жақыпов Радошковичи ауданы Атқарушы комитетінің басшылығына болашақ ұрпақ үшін сақтап қалған естеліктер үшін алғыс білдірді.
Сөз сөйлеу аяқталғаннан кейін рәсім қатысушылары қаза болғандарды бір минөт үнсіздікпен еске алды.