Минск, 2022 жылғы 26 сәуір - ТМД Атқарушы комитетінде Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Бейсенбаевтың төрағалығымен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Тұрақты өкілетті өкілдері кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырысқа ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің өкілдері, ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедев және оның орынбасарлары қатысты.
Кездесуде тұрақты өкілетті өкілдер Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы Сәулет және қала құрылысы жылына арналған іс-шараларды іске асыру қорытындыларын қарастырды.
Атаулы жыл аясында 54 іс-шара: түрлі халықаралық форумдар, конференциялар, көрмелер мен семинарлар өтті. Бұл платформалар сәулет және қала құрылысы саласындағы елдер арасындағы көпжақты ынтымақтастықты дамытуға қызмет етті және озық тәжірибені пайдалану бойынша тәжірибе алмасуға бірегей мүмкіндік берді.
Тұрақты өкілдер ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің статистикалық қызметтері басшылары кеңесінің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының грамотасымен Мемлекетаралық статистикалық комитеттің төрағасы Владимир Соколинді марапаттау туралы ұсынысын қолдады.
Сонымен қатар басқосуда ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесі мен Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырыстарына дайындық барысы туралы талқыланды.
ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы 13 мамырда Душанбеде күндізгі форматта өтеді. Сыртқы саяси ведомстволардың басшыларына Достастық аясындағы көп деңгейлі СІМаралық консультациялар жоспарын және сыртқы саяси ведомстволар арасындағы әріптестікті жандандыру жөніндегі іс-қимыл бағдарламасын іске асыруға, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің туризм саласындағы базалық ұйымын құруға қатысты мәселелерді талқылау ұсынылатын болады.
Үкімет басшылары кеңесінің отырысы 20 мамырда бейнеконференция форматында өтеді. Үкімет басшыларының қарауына 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Ақпараттық қауіпсіздік стратегиясын іске асырудың бірінші кезектегі іс-шаралар жоспары, жүзім шаруашылығы мен шарап шаруашылығын одан әрі дамыту жөніндегі ынтымақтастық тұжырымдамасы және басқа да мәселелер ұсынылды.