Қазақстан мен Кореяның Беларусьтегі Елшілері өзара қызығушылық тудыратын мәселелерді талқылады

Қазақстан мен Кореяның Беларусьтегі Елшілері өзара қызығушылық тудыратын мәселелерді талқылады

Минск, 2022 жылғы 21 сәуір – Қазақстан Елшілігінде Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшісі Асқар Бейсенбаев жақында осы лауазымға тағайындалған Корея Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшісі Пак Ду Синмен кездесті.

Кездесу барысында А.Бейсенбаев Корея Республикасының Елшісін соңғы жылдары стратегиялық әріптестік деңгейіне жеткен Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығының жай-күйі мен даму перспективалары туралы хабардар етті. 

Сауда-экономикалық, инвестициялық байланыстарды, өнеркәсіптік кооперацияны нығайтуға, агроөнеркәсіптік кешендегі, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимылға байланысты мәселелерге ерекше назар аударылды.

Қазақстан Елшісі корей әріптесіне қаңтардағы қайғылы оқиғалардан кейін елде жағдайды тұрақтандыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы айтып берді. 

Сұхбат барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған елдің одан әрі үдемелі дамуын қамтамасыз етуге бағытталған саяси реформалар пакетін іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға ерекше назар аударылды.