Қазақстан мен Швейцария Елшілерінің кездесуі Беларусьте өтті

Қазақстан мен Швейцария Елшілерінің кездесуі Беларусьте өтті

Минск, 2022 жылғы 22 сәуір – Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшісі Асқар Бейсенбаев Швейцария Конфедерациясының Беларусь Республикасындағы Елшісі Кристина Хонеггер-Золотухинаны қабылдады.

Тараптар өзара қызығушылық тудыратын кең ауқымды мәселелерді талқылады.

Атап айтқанда, А.Бейсенбаев К.Хонеггер-Золотухинге Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың Жаңа Қазақстанды құру бойынша алға қойған міндеттерін, осыған орай ел Үкіметі Қазақстан қоғамы өмірінің барлық салаларын ауқымды жаңарту мен жаңғыртуға, одан әрі демократияландыруға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған саяси және экономикалық қайта құру пакеттерін іске асыру бойынша бастаған жұмысы туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Сонымен қатар тараптар Беларусь Республикасымен екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, оны одан әрі дамытудың зор әлеуетін атап өтті.

Швейцария Елшісі Қазақстан Республикасында басталған саяси жүйедегі  реформаларды құптады.

К.Хонеггер-Золотухина Швейцарияның Еуропадағы бейтарап ел екенін және оның Беларусь Республикасындағы миссиясы ЕО мен Минск арасындағы қарама-қайшылық жағдайында Швейцария-Беларусь қатынастарды және Беларустің ресми тұлғаларымен байланыстарды сақтауға бағытталғанын айтты.