Қазақстан мен Әзербайжан Елшілері Беларусьте кездесті

Қазақстан мен Әзербайжан Елшілері Беларусьте кездесті

Минск, 2022 жылғы 22 сәуір – Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшісі Асқар Бейсенбаев Әзербайжанның Беларусьтегі Елшісі Ульви Бахшалиевті, оның өтініші бойынша қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Әзербайжанның Беларусь Республикасымен сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығының жай-күйі туралы ақпаратпен өзара алмасу өтті.

Атап айтқанда, А.Бейсенбаев 2021 жылы 1 млрд. АҚШ долл. жеткен Беларусьпен өзара сауда көлемінің өсуін, сондай-ақ инвестициялық ынтымақтастықтың, өнеркәсіптік кооперацияның, агроөнеркәсіптік саладағы өзара іс-қимылдың үдемелі даму үрдісін қанағаттанушылықпен атап өтті.

Қазақстан Елшісі Қазақстан-Беларусь мәдени-гуманитарлық байланыстардың жай-күйіне және туризм саласында ынтымақтастықты дамытуға өзара қызығушылықтың артуына оң баға берді.

А.Бейсенбаев Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығының одан әрі дамуына зор әлеует бар екенін және оған Президент Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында көзделген жаңа саяси және экономикалық қайта құру пакеттерінде қарастырылған шаралар ықпал ететінін атап өтті.

У.Бахшалиев Әзербайжан-Беларусь экономикалық ынтымақтастығының оң үрдісін атап өтіп, олардың өзара сауда көлемі өткен жылы шамамен 885 млн. АҚШ долл. құрағанын айтты.

Тараптар өзара қызығушылық тудыратын басқа да мәселелерді, оның ішінде Қазақстан 2022 жылы төрағалық ету барысында ТМД-ға мүше мемлекеттер іске асыратын 2022-2024 жылдарға жоспарланған мәдени-гуманитарлық жобаларды талқылады.