
Борисов, 2022 жылғы 14 сәуір - Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Бейсенбаев «ПОЖСНАБ» ЖШҚ өндірістік объектілерінде жұмыс сапарымен болды.
Кәсіпорынға сапар барысында А.Бейсенбаев «ПОЖСНАБ» ЖШҚ басшылығын Жаңа Қазақстанның экономикалық бағытымен таныстырды, екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық пен өндірістік кооперацияның жоғары деңгейі мен оң динамикасын, сондай-ақ инвестициялық климаттың ерекшеліктері мен инвесторларға ұсынылатын преференциялардың артықшылықтарын атап өтті.
Өз кезегінде кәсіпорын директорлары кеңесінің төрағасы Олег Дерябин А.Бейсенбаевты заманауи өрт сөндіру техникасы өндірісі, қолданылатын бірегей технологиялар туралы егжей-тегжейлі хабардар етті, сондай-ақ дайын өнімді таныстырды.
О.Дерябин «ПОЖСНАБ» ЖШҚ жобалау мен өндіруден бастап жеткізуге, сатудан кейінгі қызмет көрсетуге және өз өнімдерін жөндеуге дейін толық циклге маманданғанын айтты.
Бүгінгі күні кәсіпорын автомобиль техникасының 100-ден астам әртүрлі модификациясын: өрт сөндіру, арнайы және мамандандырылған, әскери және қос мақсаттағы, сондай-ақ жартылай тіркемелерді өндіреді.
«ПОЖСНАБ» ЖШҚ өрт сөндіру және авариялық-құтқару техникасын өндіруде инновациялық технологиялық материалдар мен әлемдегі озық технологияларды пайдалану тұжырымдамасын жасаушы болып табылатыны ерекше атап өтілді.
О.Дерябиннің айтуынша жылжымалы алюминий профильдерді, телескоптық жылжымалы механизмдердегі алынбалы сөрелері бар стеллаждарды және сол сияқты т.б. қолдана отырып, өрттен қорғау үшін өндірісте отандық және шетелдік өндірушілердің заманауи технологиялары мен материалдары: модульдік құрастыру технологиясы, арматураланған шыны талшықтар, бөліктер, вибрациядан арнайы қорғаныс қолданылады.
Сөз соңында О.Дерябин А.Бейсенбаевқа Қазақстанда өрт сөндіру машиналарын бірлесіп өндіруді ұйымдастырудың ықтимал жобасы туралы жан-жақты ақпарат бере отырып, өзара ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін білдірді.