Минскте Этномәдениет халықаралық форумы аясында Наурыз мерекесіне орай Қазақстан күні аталып өтті

Минскте Этномәдениет халықаралық форумы аясында Наурыз мерекесіне орай Қазақстан күні аталып өтті

Минск, 2022 жылғы 5 сәуір - Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігі Беларусь мемлекеттік музыка академиясында 5-8 сәуір аралығында өтіп жатқан Этномәдениет халықаралық форумы аясында Қазақстан күнін өткізді. Қазақстан күні көктем мен жаңару мерекесі - Наурыз мейрамына орайластырылды.

Іс-шараның ашылу барысында 2004 жылдан бері елімізде жүзеге асырылып келе жатқан «Рухани жаңғыру» (Мәдени мұра) мемлекеттік бағдарламасы туралы сөз қозғалды. Бағдарламаның мақсаты қазақ халқының тарихи-мәдени дәстүрлері мен жетістіктерін зерделеу, қалпына келтіру және сақтау, Қазақстанның материалдық және материалдық емес мұрасын шетелде танымал ету болып табылады. Аталған бағдарлама аясында қазақ әдебиетінің үздік үлгілері әлемнің түрлі тілдеріне аударылып келеді, соның ішінде Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінің тапсырысы бойынша «Абай жолы» роман-эпопеясы белорус тіліне аударылды.

Өз сөзінде Беларусь қоғамының өкілдері Беларусьте өткен Қазақстанның Мәдениет күндері мен Беларусь астанасы-Минсктен бастау алған «Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі» халықаралық жобасының жоғары деңгейін атап өтті.

Елшілік дайындаған экспозицияда Қазақстан аумағындағы ежелгі қорғандардың археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған артефактілер көшірмелерінің жинағы ұсынылды. Жинақты әлемге әйгілі «Қырым аралы» ғылыми - зерттеу және қалпына келтіру зертханасының негізін қалаушы Қырым Алтынбеков ұсынды. Шетел ғалымдары мойындаған, Қазақстанда қолданылатын археологиялық заттарды консервациялаудың бірегей технологиясы туралы айтылды.

Сонымен қатар Наурыз мейрамының мерекелік бағдарламасында Беларусь жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттердің орындауында танымал күйлер мен заманауи әндер шырқалды. Осы орайда, Беларусь мемлекеттік музыка академиясының ректоры Елена Куракина өткен жылы Академия қабырғасында өткен «Домбыра күні» Беларусь музыкалық қоғамдастығы арасында үлкен резонанс тудырғанын атап өтті.

Е.Куракина  осы жобаны жалғастыруға деген қызығушылығын білдіре отырып, Академия педагогтары мен студенттері Қазақстан астанасында «Домбыра күніне» арналған аралас домбыра оркестрінің жыл сайынғы концертіне қатысуға ниетті екенін тағы да растады.

Қазақстан күні қонақтары Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінің дипломаттары әйелдерінің клубы әзірлеген, Наурыз айында дәстүрлі түрде ұсынылатын, ұлттық тағамдардан дәм татты.