Қазақстан Елшісі Беларусь Ұлттық қауіпсіздік институтының басшылығымен кездесті

Қазақстан Елшісі Беларусь Ұлттық қауіпсіздік институтының басшылығымен кездесті

Минск, 2022 жылғы 1 сәуір - Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Бейсенбаев Беларусь Республикасы Ұлттық қауіпсіздік институтының басшылығымен кездесті.

Басқосу барысында білім алмасу және кадрлар даярлау саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы байланыстарды одан әрі сақтау және ведомствоаралық ынтымақтастықты дамыту тұрғысында тараптар Ұлы Отан соғысы жылдарында қауіпсіздік органдарда қызмет еткен Беларусьтегі партизан қозғалысының қаһармандары – қазақстандықтардың есімін мәңгі қалдыру мүмкіндігін қарастырды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығы аясында өзара іс-қимылды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.