Қазақстан мен Беларусьтің тұтынушылық кооперациясы саласындағы ынтымақтастығы үлкен әлеуетке ие

Қазақстан мен Беларусьтің тұтынушылық кооперациясы саласындағы ынтымақтастығы үлкен әлеуетке ие

Минск, 2022 жылғы 31 наурыз - Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Бейсенбаев Беларусь Республикалық тұтынушылар қоғамдары одағының басқарма төрағасы Олег Мацкевичпен жұмыс кездесу өткізді.

Басқосу барысында А.Бейсенбаев Беларусь Президенті А.Лукашенконың 2019 жылғы қазанда Қазақстанға сапары барысында екі мемлекет басшыларымен танылған, стратегиялық серіктестік деңгейіне сәйкес келетін, Қазақстан-Беларусь қарым-қатынастарының жоғары деңгейін атап өтті.

Сондай-ақ, Қазақстан Елшісі Қазақстан-Беларусь сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығы туралы ақпаратпен бөлісті, өзара сауда кооперациясын одан әрі дамытудың келешегі мен іске қосылмаған әлеуеті туралы сөз қозғады. 

Бұған қоса А.Бейсенбаев сұхбаттасушыны 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауының негізгі ережелері туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.

А.Бейсенбаев Жолдаудың мәні іс-жүзінде Қазақстанда жақын болашақта іске асырылатын саяси реформалардың ауқымды бағдарламасы мен бірқатар әлеуметтік-экономикалық шараларды білдіретінін атап өтті.

Қазақстан Елшісі суперпрезиденттіктен ықпалды Парламенті бар президенттік республикаға көшу арқылы ел басшысының өкілеттіктерін қайта қарау жөніндегі міндеттерге жан-жақты  тоқталды. 

Жаңа Қазақстанның саяси реформалар бағдарламасы туралы айта келе, А.Бейсенбаев сайлау жүйесі мен сайлау процесін жетілдіру, партия жүйесін одан әрі дамыту шаралары жөнінде түсініктеме берді.

Сонымен қатар, өткен жылы елдер арасында тауар айналымының, оның ішінде қазақстандық өнімді Беларусь нарығына экспорттаудың айтарлықтай өсімі орын алғаны және тараптардың осы серпінді сақтауға және арттыруға мүдделілігі бар екені атап өтілді.

Тараптар өзара жеткізілімдер мен азық-түлік ассортиментін ұлғайту жөніндегі жұмысты жалғастыру қажеттілігі туралы ортақ пікірге келді.