Қазақстан және Беларусь тамақ саласындағы ынтымақтастықты арттыруға ниетті

Қазақстан және Беларусь тамақ саласындағы ынтымақтастықты арттыруға ниетті

Минск, 2022 жылғы 29 наурыз - Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Бейсенбаев «БЕЛГОСПИЩЕПРОМ» Беларусь мемлекеттік тамақ өнеркәсібі концернінің төрағасы Олег Жидковпен жұмыс кездесу өткізді.

Кездесу барысында Асқар Бейсенбаев Қазақстан мен Беларусь арасында берік және достық қарым-қатынас қалыптасқанын атап өтті.

Сондай-ақ, Қазақстан Елшісі өзара инвестициялық және сауда ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін пайдаланылмаған әлеуетті және оның келешегі туралы сөз қозғады.

Бұл ретте өткен жылы елдер арасында тауар айналымының, оның ішінде қазақстандық өнімдердің Беларусь нарығына экспорттаудың айтарлықтай өсімі орын алғаны және тараптардың осы серпінді сақтауға және арттыруға мүдделілігі бар екені атап өтілді.

Бұған қоса өзара жеткізілімдер мен азық-түлік өнімдер ассортиментін арттыру мәселелері қаралды.

Келіссөздер барысында қазақстандық тамақ саласының кәсіпорындарымен бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды.

Тараптар тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарын жаңғырту тәжірибесімен алмасты және іскерлік байланыстарды ұстап тұруға келісті.