Минск, 2022 жылғы 29 наурыз - ТМД штаб-пәтерінде квоталарды бөлу, Атқарушы комитеттің Төрағасы – ТМД Атқарушы хатшысының орынбасарларын және басқа да лауазымды тұлғаларды Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетіндегі квота лауазымдарына тағайындау және ротациялау тәртібін жетілдіру мәселесі бойынша сараптама тобының отырысы өтті.
Отырысқа Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінің өкілетті өкілдері мен сарапшылары, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитетінің қызметкерлері қатысты.
Құжатты жетілдіру бойынша іскер әрі сындарлы пікір алмасу болды.
Басқосу барысында барлық қатысушылар 2019 жылғы 2 қыркүйекте сараптамалық деңгейде әзірленген және келісілген Тәртіп жобасының қолайлылығын атап өтіп, аталған құжаттың жобасын талқылауды одан әрі жалғастыруға дайын екен білдірді.