
Минск, 2022 жылғы 20-22 наурыз – Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен Беларусь мемлекеттік информатика және радиоэлектроника университетінде, Беларусь ұлттық техникалық университетінде және Беларусь мемлекеттік университетінде Наурыз мерекесіне арналған салтанатты іс-шаралар өтті.
Басқосуға Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Түркия, Моңғолия және Иран елдерінің өкілдері қатысты.
Музыкалық бағдарламаға қазақстандық студенттер жарқын нөмірлер дайындады. Қонақтар қазақтың таңғажайып әндерін, әсерлі билерін тамашалап, қазақ халқының мәдениетімен, салт-дәстүрімен және ұлттық тағамдарымен танысты.
Сонымен қатар барлық қонақтар ұлттық үстел ойындарын ойнап, «Арқан тарту», «Күш сынасу» сияқты ұлттық спорт жарыстарына белсене қатысты.