Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінде өткен дөңгелек үстелде Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» халыққа арналған Жолдауы талқыланды

Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінде өткен дөңгелек үстелде Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» халыққа арналған Жолдауы талқыланды

Минск, 2022 жылғы 18 наурыз – жұма күні Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауын талқылау бойынша  шетелдік мекеменің дипломатиялық корпусы мен Беларусь Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғау университетінің қазақстандық курсанттарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Елшіліктің кеңесшісі Жан Қыстаубаев өскелең ұрпақ өкілдері алдында сөйлеген сөзінде елімізде жүргізіліп жатқан саяси жаңғыртудың мақсаттары Жолдауда нақты белгіленгенін, оның ең бастысы «азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын арттыру» екенін айтты. Сонымен қатар ел басшылығында «Жаңа Қазақстан азаматтық қоғамы қалыптасқан тиімді мемлекетке айналатыны және болашақта қандай ел болататыны» туралы нақты көзқарасы болуының маңыздылығы атап өтілді.

Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев «Мемлекетіміздің стратегиялық бағытының басты міндеттерінің бірі» деп атаған Жолдаудың кезең-кезеңімен саяси жаңғыртуға қатысты блогы Төтенше жағдайлар министрлігінің болашақ мамандарының қызығушылығын тудырды.

Талқылау қатысушылары Мемлекет басшысының ауыл әкімдерінің тікелей сайланбалылығын енгізу, азаматтық мәдениетті және адам құқықтарын қорғау саласын дамыту, инклюзивті қоғам құру, құқық қорғау жүйесін одан әрі реформалау және басқа да шаралар арқылы қол жеткізуді  жоспарлап отырған саяси процестің транспаренттілігі мен бәсекелестігін, мемлекеттің тиімділігін одан әрі арттыру бойынша алға қойған мақсатын толық қолдады.

Жолдау талқылаушылары одан әрі ілгерілеудің басты факторы ретінде қазақстандық қоғамды топтастырудың мақсатына қолдау білдірді. Ұлт бірлігінде - оның сөзсіз күші, сондықтан қоғамдағы бірлік пен келісімді сақтау, үйлесімді этносаралық және конфессияаралық қатынастарды сақтауға ықпал ету және мемлекеттік егемендігіміз бен аумақтық тұтастығымызға қол сұғушылық пен радикализм және қастандықтың кез келген түріне қатаң тойтарыс беру қажет.