Минск, 2022 жылғы 17 наурыз - Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Бейсенбаев Беларусь Республикасында аккредиттелген ҰҚШҰ-ға мүше елдердің шетелдік өкілдіктерінің басшыларымен кездесу барысында әріптестерді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына арналған «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауының негізгі ережелерін егжей-тегжейлі хабардар етті.
А.Бейсенбаев Жолдаудың мәні жақын болашақта Қазақстанда іске асырылатын саяси реформалардың ауқымды бағдарламасын және бірқатар әлеуметтік-экономикалық шараларды қамтитынын атап өтті.
Қазақстан Елшісі суперпрезиденттік жүйеден ықпалды Парламенті бар президенттік республикаға көшу арқылы ел Президентінің өкілеттіктерін қайта қарау жөніндегі міндеттеріне жан-жақты тоқталды. Жаңа Қазақстандағы саяси реформалар бағдарламасына тоқталған А.Бейсенбаев сайлау жүйесі мен сайлау процесін жетілдіру, партиялық жүйені одан әрі дамыту шаралары жөнінде түсініктеме берді. Қазақстан басшысы ұсынған әкімшілік-аумақтық құрылыстағы инновациялар мен әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудегі дағдарысқа қарсы шаралар да сұхбаттасушыларды қызықтырды.