Украина аумағындағы Қазақстан Республикасының жүк тасымалдаушыларына қатысты

Украина аумағындағы Қазақстан Республикасының  жүк тасымалдаушыларына қатысты

Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігі Беларусь Республикасының Шекара қызметімен келісе отырып, Украина аумағынан Қазақстанға транзитпен өтетін жүк тасымалдаушыларға және сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына Украина-Беларусь шекараларын кесіп өткен кезде белорус өткізу бекеттерінде көмек көрсетуге дайын екенін Қазақстан резиденттеріне хабарлайды.

Сонымен бірге қолда бар ақпаратқа сәйкес Беларусь шекарасындағы Украинаның барлық өткізу бекеттері өз жұмысын белгісіз мерзімге тоқтатты.

Елшіліктегі жауапты қызметкерлердің байланыс телефондары:

Айдар Есламбекұлы Шалбаев - Брест қаласындағы консул, тел.: + 375 (25) 511 1111, ұялы тел.: +7 701 933 7447;

Марат Жұмажанұлы Бейсенов – Елшілік кеңесшісі, тел.: + 375 (17) 276 0123, ұялы тел.: +375 (44) 788 38 77;

Анар Бөрібайқызы Князбаева – Минск қаласындағы консул, тел.: + 375 (17) 276 0108, ұялы тел.: +375 (44) 740 1078.