
Минск, 2022 жылғы 18 ақпан - Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Бейсенбаев Минсктегі АҚШ-тың Сенімді өкілі Рубен Арутюнянмен кездесті.
Тараптар халықаралық және екіжақты күн тәртібіндегі кең ауқымды мәселелерді талқылады.
А.Бейсенбаев қазіргі кезеңде Қазақстан мен АҚШ арасында көпжоспарлы өзара іс-қимылмен сипатталатын кеңейтілген стратегиялық серіктестік орнатылғанын атап өтті.
Қазақстан Елшісі қаңтардағы қайғылы оқиғаларға байланысты ішкі саяси жағдай туралы айта келе, америкалық дипломатты елдегі жағдайдың толық тұрақтанғаны туралы хабардар етті. А.Бейсенбаев сұхбаттасушыны халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді жүзеге асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы, сондай-ақ биылғы жылдың наурыз айында қабылдау үшін әзірленіп жатқан саяси реформалар пакеті туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.
Сонымен қатар Елші Қазақстан басшылығының қаңтардағы қайғылы оқиғаға қатысты барлық мән-жайларды объективті түрде зерттеуге бейілділігін атап өтті.