Қазақстан және Ресейдің Беларусь Республикасындағы Елшілері Асқар Бейсенбаев пен Борис Грызлов ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

Қазақстан және Ресейдің Беларусь Республикасындағы Елшілері Асқар Бейсенбаев пен Борис Грызлов ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

Минск, 2022 жылғы 16 ақпанда – Қазақстан Елшілігінде Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Бейсенбаев Ресей Федерациясының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Борис Грызловпен кездесті.

А.Бейсенбаев ресейлік әріптесін Беларусьтегі дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, екіжақты форматта, халықаралық және өңірлік интеграциялық бірлестіктер құрамында Қазақстан, Беларусь және Ресейдің өзара іс-қимылының одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Сұхбат барысында халықаралық және ішкі саяси күн тәртібінің кейбір аспектілері талқыланды.

Елші А.Бейсенбаев ресейлік әріптесіне әлеуметтік-экономикалық бағыттағы іске қосылған реформалар, сондай-ақ наурыз айында енгізу жоспарланған саяси өзгерістер пакеті туралы хабарлады.

Қазақстан Елшісі 2019 жылғы қазанда өткен Беларусь Президенті А.Лукашенконың Нұр-сұлтан қаласына сапары барысында екі мемлекеттің басшылары таныған стратегиялық әріптестік деңгейіне сәйкес келетін Қазақстан-Беларусь қатынастарының жоғары деңгейін атап өтті.

А.Бейсенбаев Қазақстан-Беларусь сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимыл, сондай-ақ өзара тауарайналымды арттырудың келешегі, бірлескен кәсіпорындар саны және өнеркәсіптік кооперация көрсеткіштері туралы ақпаратпен бөлісті. Елші Қазақстан мен Беларусьтің өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және жеке бизнес субъектілерінің өзара іс-қимыл көрсеткіштерінің өсуіне ықпал етуге ниеттері бар екеніне назар аударды

Тараптар өңіраралық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет деген ортақ пікірге келді.

Ресей Елшісі интеграциялық құрылымдардың, әсіресе ТМД, ЕАЭО және ҰҚШҰ-ның өзара іс-қимылын қарқындату қажеттігіне назар аударды.