Минскте Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде кезекті сімаралық консультациялар өтті

Минскте Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде  кезекті сімаралық консультациялар өтті

Минск, 2022 жылғы 16 ақпанда – ТМД Атқарушы комитетінде «ТМД шеңберіндегі 2022 жылғы өзара іс-қимыл туралы» тақырыбында сімаралық консультациялар өтті.

Консультацияларға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Достастықтың Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты.

Отырыс қатысушылары сыртқы саяси, экономикалық, гуманитарлық өзара іс-қимылды, қауіпсіздік және жаңа сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы іс-қимыл салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтудің келешегін талқылады.

Сыртқы саяси ведомстволардың өкілдері Беларусь Республикасының 2021 жылы ТМД-ға төрағалық етуінің тиімділігін атап өтіп, биылғы жыл Қазақстан Республикасы төрағалық ету қызметін табысты жүзеге асыратынына сенім білдірді.

Консультация қатысушылары экономикалық өзара іс – қимыл ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің экономикалық интеграциясын одан әрі тереңдету мен тұрақты дамуының негізгі факторы болып табылатынын атап өтті. ТМД-ны ЕАЭО, ҰҚШҰ, ШЫҰ-мен ұштастыру жөніндегі жұмысты жалғастырудың маңыздылығы аталды.

Достастық мемлекеттері арасындағы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың ең тиімді құралдарының бірі болып қала беретін гуманитарлық ынтымақтастықтың маңыздылығы атап өтілді. Серіктестер «Достастықтың мәдени астаналары» мемлекетаралық бағдарламасын іске асыру, ТМД-да тақырыптық жылдар өткізу, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым, жастар және т.б. форумдарын ұйымдастыру бойынша бірлескен жұмысты жалғастырудың маңыздылығын таныды.

Консультация қатысушылары ТМД елдері азаматтарының еркін жүріп-тұруы үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал ететін коронавирусқа қарсы вакциналау паспорттарын өзара тану мәселесі бойынша жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атады.

Сыртқы саяси ведомстволардың өкілдері қызметтердің еркін саудасы туралы келісім жобасына қол қою жөніндегі жұмысты тезірек аяқтаудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар отырыста 2021 жылға арналған көп деңгейлі сімаралық консультациялар жоспары мен сыртқы саяси ведомстволар арасындағы серіктестікті жандандыру жөніндегі іс-қимыл бағдарламасын іске асыру қорытындылары шығарылды және басқа да бірқатар мәселелер қаралды.