Қазақстан Елшісі Асқар Бейсенбаев Словакия дипломатиялық миссиясының басшысы Катарина Жаковамен кездесті.

Қазақстан Елшісі Асқар Бейсенбаев Словакия дипломатиялық миссиясының басшысы Катарина Жаковамен кездесті.

Минск, 2022 жылғы 8 ақпанда – Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінде Қазақстан Елшісі Асқар Бейсенбаев Словакия дипломатиялық миссиясының басшысы Катарина Жаковамен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан-Словакия ынтымақтастығы мәселелері талқыланды. Сондай–ақ тараптар әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық бағыттағы аспектілердің кең ауқымын қарастырып, өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша пікір алмасты.

А.Бейсенбаев словак әріптесін қаңтарда Алматыда болған қайғылы оқиғаның салдарын еңсеру, мемлекетті одан әрі дамытудың сапалы жаңа парадигмасын құру,  жоспарланған реформалар, шетелдік инвестицияларды қорғау және жалпы Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ел үкіметі қабылдаған шаралар туралы хабардар етті.