
2022 жылғы 17 қаңтардан бастап Қазақстанға шет мемлекеттерден келетін барлық жолаушылар (оның ішінде екпе алғандар да) COVID-19 тесттің теріс нәтижесі бар ПТР анықтамасын ұсыну қажет.
Анықтама материал алынған күннен бастап Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өткен кезге дейін 72 сағат бойы жарамды болып есептеледі және ағылшын, орыс немесе қазақ тілдерінде жасалуы тиіс.
5 жасқа толмаған балаларға анықтама ұсынудың қажеті жоқ, егер оларды ертіп жүрген адамдарда, ПТР әдісімен COVID-19 тесттің нәтижесі бар анықтама болған жағдайда.
Анықтама болмаған жағдайда, жолаушылар, оның ішінде Қазақстан азаматтары мен Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар тұлғалар әуежайдан бортқа жіберілмейді.
ҚАЗАҚСТАНҒА ТЕМІРЖОЛ, ТЕҢІЗ, ӨЗЕН КӨЛІГІМЕН ЖӘНЕ АВТОӨТПЕ ЖОЛДАРЫ АРҚЫЛЫ КІРУ ТӨМЕНДЕГІ АЗАМАТТАРДЫҢ САНАТТАРЫНА РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ
ТОЛЫҒЫРАҚ: https://www.gov.kz/memleket/entities/shekaraknb/press/article/details/28054?lang=kz
2022 жылғы 17 қаңтардан бастап Қазақстанға теміржол, теңіз, өзен көлігімен және автоөтпе жолдары арқылы келетіндердің барлығы (оның ішінде екпе алғандар да) COVID-19 тесттің теріс нәтижесі бар ПТР анықтамасын ұсыну қажет.
Анықтама материал алынған күннен бастап Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өткен кезге дейін 72 сағат бойы жарамды болып есептеледі және ағылшын, орыс немесе қазақ тілдерінде жасалуы тиіс.
5 жасқа толмаған балаларға анықтама ұсынудың қажеті жоқ, егер оларды ертіп жүрген адамдарда, ПТР әдісімен COVID-19 тесттің нәтижесі бар анықтама болған жағдайда.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ҰҚК шекара қызметі күн сайын жұмыс уақытында +7 7172 719 111 телефоны арқылы, сондай-ақ Instagram желісіндегі shekaraknbkz арнасы арқылы хабарламалар карантиндік шектеулер кезеңінде азаматтарға шекарадан өту тәртібі туралы кеңес береді.