
Бүгін елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстан Президентінің бастамасымен шақырылған Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясы бейнебайланыс режимінде өтті.
Жиынға Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Қырғызстан Министрлер кабинетінің Төрағасы – Президент Әкімшілігінің Басшысы Ақылбек Жапаров және ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась қатысты.