Белорустар Қазақстанда қайғылы қаза тапқандар отбастарының қайғыларына ортақ екенін білдіреді

Белорустар Қазақстанда қайғылы қаза тапқандар отбастарының қайғыларына ортақ екенін білдіреді

Бүгін, 2022 жылғы 10 қаңтарда, Қазақстан Республикасында жарияланған Жалпыұлттық аза тұту күні Қазақстанда осы қайғылы күндері террористік актілердің салдарынан қаза тапқан құрбандарды еске алу үшін адамдар Елшілікке  келіп, гүл шоқтарын қойды және шам жақты. Көңіл айтқандардың арасында «Беларусь республикалық жастар одағы» және «Белая Русь» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері болды. Олар «Қазақстан-Беларусь. Біз біргеміз!, «Бауырлас Қазақстан халқы, Беларусь сізбен бірге», «Белорустар Қазақстанда қайғылы қаза тапқандар отбастарының қайғыларына ортақ екенін білдіреді» атты жазуы бар плакаттар әкелді.

Сонымен қатар Елшілікке қолдау және жұбаныш сөздерінің келіп түсуі жалғасуда.