ТМД штаб-пәтерінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған көрме ашылды

ТМД штаб-пәтерінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған көрме ашылды

Минск, 2021 жылғы 16 желтоқсанда -  ТМД Атқарушы комитетінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған көрме ашылды.

Көрме Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігі мен Беларусь Республикасының Президенті кітапханасының қолдауымен өтті.

Экспозицияда Қазақстанның тарихын, сәулеті мен өнерін, өзіндік мәдениеті мен бай ұлттық дәстүрлерін баяндайтын кітаптар мен фотоальбомдар қойылған. Бұған қоса қазақ халқының дәстүрлі киімдері мен тұрмыстық заттары, халық шығармашылығы, қазақ батырларының қару-жарақ элементтері ұсынылды. Көрмеде, сондай-ақ киізден жасалған киіз үйдің кішірейтілген көшірмесін және мал терісінен жасалған қазақ ұлттық ыдыстарын көруге болады.

Сонымен бірге экспозицияда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік кезеңінде қол жеткізген жетістіктері туралы слайдтар көрсетілді.