
Нұр-Сұлтан, 2021 жылғы 9 желтоқсанда сағат 19:00 - Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде виртуалды ашық есік күні өтеді.
Іс-шара барысында НУ ЖМСМ мемлекеттік саясат және мемлекеттік басқару саласындағы магистратура бағдарламалары, мемлекеттік саясат саласындағы докторантура бағдарламасы және кәсіби білім бағдарламалары туралы ақпарат беріледі.
Іс-шараға келесі сілтеме бойынша тіркелуге болады: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSc_1AavLXc9upLH5nbKQraDHKyh8LxWODKQGJAQ2IaErC88Kw/viewform