Минскте Қазақстан Елшілігінде «Елбасы.Тәуелсіздік Шежіресі» деректі фильмі көрсетілді

Минскте Қазақстан Елшілігінде «Елбасы.Тәуелсіздік Шежіресі» деректі фильмі көрсетілді

Минск, 2021 жылғы 30 қарашада - Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Елбасы.Тәуелсіздік Шежіресі» көпсериялы деректі фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды.

Өткен ғасырдың 1991 жылғы драмалық оқиғалары, аса держава КСРО-ның ыдырауы, Совет Одағы кеңестігінде жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы және Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қазіргі заманғы тарихындағы рөлі туралы баяндайтын аталған фильмнің бірінші сериясы көрсетілді.

Фильм көрсетіліміне Қазақстан мен Беларусь жоғары оқу орындары арасында студенттік алмасу бағдарламалары бойынша білім алып жатқан қазақстандық студенттер, Елшілік дипломаттары мен олардың отбасы мүшелері қатысты.

15 бөлімнен тұратын «Елбасы.Тәуелсіздік Шежіресі» деректі фильмі Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған және «Хабар» агенттігі әзірлеген. Фильмнің әрбір сериясы маңызды тарихи оқиғаларға, жас тәуелсіз мемлекет құру жолында кездескен қиындықтарды жеңуге және жаңа тарихтың бетбұрысты сәттерінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы қабылдаған шешімдердің тарихи логикасына арналған.

Аннотацияда ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев фильмнің басты кейіпкері болып табылатыны туралы атап өтілген. Көпсериялы фильмге оның тарихи сөйлеген сөздері, Қазақстан халқына арналған Жолдауларының үзінділері, Елбасының қатысуымен болған оқиғалардың цифрланған бейне-хроникасының эксклюзивті кадрлары, оның ішінде халықаралық кездесулер мен форумдар енгізілген. Сонымен қатар фильмнің қосымша кейіпкерлері ретінде Елбасыға жаңа мемлекетті және оның нарықтық экономикасын құруға көмектескен  оның замандастары мен серіктестері қатысады.

Олардың берген бағалары мен дәлелдері Қазақстанның тәуелсіз жылдарында қол жеткізген жетістіктерінің тарихи маңыздылығын көрсетеді.

«Елбасы.Тәуелсіздік Шежіресі» көпсериялы деректі фильмінің ұжымдық көрсетілімі Елшілікте апта сайын өтетін болады.