
Құрметті азаматтар!
Covid-19 коронавирустық инфекциясының таралу салдарынан эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына орай келушілердің денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылғы 15 қарашадан 28 қарашаға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігінің Консулдық бөлімі барлық консулдық және мемлекеттік қызметтер бойынша азаматтарды жеке қабылдауды, оның ішінде кез келген құжаттарды қабылдауды және беруді тоқтата тұруға мәжбүр.
Қазақстан Республикасының азаматтарымен төтенше жағдай туындаған жағдайда +375 (17) 276-01-20 (шұғыл байланыс телефоны бойынша анықтамалық ақпарат ұсынылмайды) телефон нөмірі бойынша қоңырау шалуды сұраймыз.
Консулдық мәселелер бойынша кеңес алу үшін жұмыс күндері сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін +375 (17) 276-01-08 телефоны жұмыс істейді.