Қазақстан Елшісі Әзербайжан Елшісімен кездесті

Қазақстан Елшісі Әзербайжан Елшісімен кездесті

Минск, 2021 жылғы 22 қыркүйекте - Қазақстан Елшісі Асқар Бейсенбаев Әзербайжан Елшісі Ульви Бахшалиевпен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан Елшісі А.Бейсенбаев сұхбаттасушымен екіжақты қарым-қатынас мәселелері бойынша пікірлермен алмасты.

Қазақстан Елшісі тарапты ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауының басты бағыттарымен және президенттік саяси реформалар пакетінің негізгі бастамаларымен таныстырды.