Беларусиядағы Қазақстан Елшілігінде Жамбыл Жабаевтың шығармашылғына арналған іс-шара болып өтті.

Беларусиядағы Қазақстан Елшілігінде Жамбыл Жабаевтың шығармашылғына арналған іс-шара болып өтті.
3 маусым күні Беларусь Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінде "Жамбыл" көркем фильмінің көрсетілімі болып, Қазақстанда және өзге шет елдерде 175 жылдық мерейтойы кеңінен аталып өтіп жатқан ұлы ақынның шығармашылығы талқыланды.
 
1952 жылы Алма-Ата көркем және хроникалық фильмдер киностудиясында режиссер Ефим Дзиган түсірген кеңес көркем фильмін тамашалап, қызу талқылауға себепші болған көрермендер арасында - үш кезеңнің өкілдері: дипломаттар, Елшілік қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері болды.
 
Аға буын өкілдері өскелең ұрпаққа ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр басындағы Қазақстанда болған тарихи кезеңдер туралы, қазақ халқының тәуелсіздік үшін күресі, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қазақстандықтардың қосқан үлесі туралы айтып берді.
 
Өзінің шығармашылығын қарапайым халықпен тығыз байланыстырып, отансүйгіштік пен адами құндылықты өз поэзиясында шынайы әрі терең, көпке ұығынықты етіп суреттей білген Жамбыл Жабаевтың жеке тұлғалық қасиетіне баса мән берілді. Фильмді тамашалап болған соң іс-шараға қатысушылар Елшіліктің кітапханасындағы Ж.Жабаевтың көпжанрлығымен ерекшеленіп, батырлық эпос, сатира, ертегімен берілген шығармашылығын қарап шықты.
 
Талқылауға ақынның "Жүз жасаған жүректен", "Хан және ақын", "Зілді бұйрық" сынды шығармалары таңдап алынды. Атаулы күн соңында жыр алыбының әлемге әйгілі "Ленинградтық өренім!" өлеңі оқылып, қорытындыланды.