Минск қаласының № 5 балалар үйінде «Наурыз мейрамы 2021» қайырымдылық акциясын өткізу туралы

Минск қаласының № 5 балалар үйінде «Наурыз мейрамы 2021» қайырымдылық акциясын өткізу туралы

Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігі 31 наурызда Минск қаласының №5 балалар үйінде «Наурыз мейрамы 2021» қайырымдылық акциясын өткізді. Мерекелік іс-шараға Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Бейсенбаев және Минск қаласы Фрунзе ауданы әкімшілігінің басшылығы қатысты.

Салтанатты шараны аша отырып, А. Бесенбаев қазақстандық дипломаттардың көктемгі мереке – Наурызды мерекелеу кезеңінде Беларусь елінде жаңа достар табуының символдық мәнін атап өтті, онымен түркі әлемінің және басқа да халықтардың өкілдері ежелден бері жаңару, жандану, жақсылық салтанатымен байланыстырып келеді, осы кезде әркім жақсы, игі істер жасауға ұмтылады.

«Біздің елдеріміз тәуелсіздік алуының 30 жылдығын атап өтетін жылы біздің таныстығымыздың болғаны маңызды. Тәуелсіздік – әр елдің басты байлығы және олардың халықтарының мақтанышы. Осы жылдар ішінде қазақтар мен белорустар түрлі салаларда табысты қызмет ете отырып, шын мәнінде жақын, достас халықтар болып қала бергенін үлкен қанағаттанушылықпен атап өтемін», - деп атап өтті А. Бейсенбаев. Елші сондай-ақ, белоруссиялық жас достар қазақтардың ұлттық дәстүрлермен, мәдениетімен танысып, Қазақстан туралы ғана емес, жалпы әлемнің алуан түрлілігі туралы өз түсініктерін байыта түсетініне сенім білдірді.

Қазіргі уақытта балалар үйінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды қоса алғанда, 4 жастан 18 жасқа дейінгі 80 бала тұрады. Балалар үйі құрылғаннан бері мұнда 400-ден астам бала өсіп, өмірге «жолдама» алды. Олардың көпшілігі Беларусь мемлекетінің ең жақсы университеттерін бітірді немесе оқиды, өздерін кәсіби және жеке өмірінде тапты.

№ 5 балалар үйінің тәрбиеленушілері спорттың белсенді жақтаушылары, олардың хоббиі әртүрлі – музыка, сурет, қолөнер, оған ондаған құрмет грамоталары, медальдар мен кубоктар дәлел.

Бұл жерде дәстүрлі түрде шет мемлекеттердің елшіліктерімен достық байланыстар сақталады, алайда 2020 жылдан бастап COVID-19 пандемиясына байланысты өзара іс-қимыл белсенділігі төмендеді. Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінің «Наурыз» мерекесін өткізу туралы бастамасын, барлық сақтық шараларын міндетті түрде сақтай отырып, басшылық, ең бастысы – балалар зор ықыласпен қабылдады.

Балалар шығармашылық процеске белсене қатысты: Қазақстан туралы, оның Тәуелсіздіктің 30 жылдық жолындағы жетістіктері, жас астанасы – Нұр-Сұлтан қаласының сәулеті, табиғи қорықтары, көрікті жерлері, «Байқоңыр» ғарыш айлағы, мәдени мұрасы, сондай-ақ қазақстандық жауынгерлердің Ұлы Отан соғысына қатысуы, Беларусь қалаларын азат етуі және т.б. туралы ақпаратты қызығушылықпен кітаптардан оқып, интернеттен

қарады. Белорустық оқушылар кәсіби жолы «Славян базары» халықаралық музыкалық фестивалінің сахнасынан басталған қазақстандық орындаушылардың мансабына ерекше көңіл бөледі. Бірінші кезекте, әрине, Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына.

Жаңа біліммен рухтандырылған олар – Абай Құнанбаевтың, Мұқағали Мақатаевтың, Жамбыл Жабаевтың сөздеріне қазақ, орыс және белорус тілдерінде жазылған әндері мен өлеңдерін оқыды, «Қамажай» биін үйренді. Белоруссиялық жас достарға әйгілі қазақ биінің қимылдары мен пластикасын елордалық «Туған жер» би ансамблінен құрдастары үйреткенін айта кету керек. Сондай-ақ, бейне-сабақтарын жіберген қазақстандық балалар мерекелік концертте көрсетілген «Қызғалдақтар» биі мен бейне-құттықтауды жіберді.

Балалар үйінің тәрбиеленушілері наурыз мерекесіне дайындық барысында білгендерінің барлығы түрлі мерекелік бағдарлама барысында көрсетілді. Наурыз мейрамын тойлау дәстүрін, Қазақстан тарихын және екі елдің ынтымақтастығын үздік білуге арналған викторина да, балалар үйінің спорт залында атлетикалық жарыстар да өтті.

Биылғы жылы мектеп бітіруші қыздар үшін дипломатиялық қызметкерлердің әйелдері бауырсақ, самса, чак-чак, Наурыз көже және басқа да ұлттық тағамдарды дайындау бойынша шеберлік сыныбын өткізді. Жасөспірімдер балалар үйінің барлық тәрбиеленушілері мен ұжымы үшін үлкен қазан-ошақта палау дайындау барысын бақылап, мерекелік дастархан жайып, қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты.

Балалар үйінің директоры Наталья Хурсевич жиналғандар алдында сөз сөйлеп, тәрбие процесінде балалардың өз халқының салт-дәстүрлерін ғана білуімен шектелмеуге ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. «Дәстүрлер қаншалықты өзгеше болса да, олардың ортақ тұстары көп – туған жерге деген сүйіспеншілік, бейбіт өмірдің құндылығы, жаңа ұрпаққа бақытты болашақ беруге ұмтылу», - деп атап өтті ол өз сөзінде. «Мұндай мерекелер адамдарды біріктіреді, оларға бейресми жағдайда сөйлесуге мүмкіндік береді. Бірлік пен келісім, төзімділік пен өзара түсіністік, бір-бірін құрметтеу – әрбір адам ұлтына қарамастан ұмтылуы тиіс құндылықтар».

Байқау бағдарламасының қорытындысы бойынша барлық қатысушылар мен жеңімпаздар естелік сыйлықтар алып, жүлделерге ие болды. Ал мереке қазақстандық жас режиссер А. Ибраевтың «Аңыздар кітабы: Жұмбақ орман» («Қазақфильм») атты көркем фильмін бірлесіп көрумен және қазақстандық балмұздақтан дәм татумен аяқталды.

№5 балалар үйіндегі қазақстандық кино күндері игі дәстүрге айналмақ, себебі тәрбиеленушілерге сыйлық ретінде Қазақстан Елшісі А. Бейсенбаев теледидар тарту етті.

Сонымен қатар, балалар қорының кітапханасына қазақстандық авторлардың кітаптары берілді.