2020 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқаны аясында партиялық тізім негізінде депутаттыққа кандидаттарды тіркеуді аяқтағанын хабарлаймыз.
Атап өтерлігі, сайлаушылар тізімінен өзіңізді тексеру үшін Елшіліктің телефондары (375-17) 276 01 10 , (375-17) 276 01 08, +375 29 659 3494 бойынша және minsk@mfa.kz, consul20minsk@gmail.com электрондық пошта арқылы біле аласыз.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне сайлау 10 қаңтар 2021 жылы Минск қаласы, Победителей даңғылы, 67 ғимарат мекенжайында, № 263 сайлау учаскесінде, жергілікті уақыт бойынша сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін өтеді.