Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінде Тәуелсіздік күніне арналған концерт өтті

Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінде Тәуелсіздік күніне арналған концерт өтті

Минск, 2025 жылғы 17 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінде Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына, Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына және Шәмші Қалдаяқовтың
95 жылдығына орайластырылған концерт өтті.

Концертке мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, көрнекті мәдениет және өнер қайраткерлері, Беларусь Республикасының қазақ диаспорасының өкілдері, елде аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың басшылары шақырылды.

Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары - «Қаған» этно-фольклорлық ансамблі, Шымкент филармониясының солистері Санат Әбілхан мен Нематилло Зкруллаев қазақ ұлттық мәдениетінің көрнекті қайраткерлерінің шығармаларынан, қазақ халық әндері мен күйлерінен концерттік бағдарлама ұсынды.

«Хорошки» Беларусь Мемлекеттік академиялық еңбек сіңірген хореографиялық ансамблінің солисті Ольга Невержицкая «Қаған» ансамблінің сүйемелдеуімен Естайдың «Құсни Қорлан» әнін және Беларусьтің «Арешчынка» халық әнін орындады.

Концерттік бағдарламаның қонақтары қазақ халық аспаптарының әсем дыбысын, Қазақстанның дәстүрлі әндері мен ерекше фольклорын тамашалай алды.