Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы қаулысына сәйкес келесі мемлекеттердің азаматтары, егер Қазақстан Республикасында болу кезеңі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезден бастап күнтізбелік отыз күннен аспаса, күнтізбелік жүз сексен күннен тұратын әр кезең ішінде жиынтығында күнтізбелік тоқсан күн визасыз Қазақстан Республикасына келеді және Қазақстан Республикасынан кетеді https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1200000148
|
1. Аустралия Одағының |
2. Америка Құрама Штаттарының |
|
3. Аустрия Республикасының |
4. Бахрейн Корольдігінің |
|
5. Бельгия Корольдігінің |
6. Болгария Республикасының |
|
7. Біріккен Араб Әмірліктерінің |
8. Ватикан Қасиетті Тағының |
|
9. Вьетнам Социалистік Республикасының |
10. Германия Федеративтік Республикасының |
|
11. Грек Республикасының |
12. Дания Корольдігінің |
|
13. Жаңа Зеландияның |
14. Жапонияның |
|
15. Израиль Мемлекетінің |
16. Ирландия Республикасының |
|
17. Исландия Республикасының |
18. Испания Корольдігінің |
|
19. Индонезия Республикасының |
20. Италия Республикасының |
|
21. Канаданың |
22. Қатар Мемлекетінің |
|
23. Кипр Республикасының |
24. Колумбия Республикасының |
|
25. Корея Республикасының |
26. Кувейт Мемлекетінің |
|
27. Латвия Республикасының |
28. Литва Республикасының |
|
29. Лихтенштейн Князьдігінің |
30. Люксембург Ұлы Герцогтігінің |
|
31. Мажарстанның |
32. Малайзияның |
|
33. Мальта Республикасының |
34. Мексика Құрама Штаттарының |
|
35. Монако Князьдігінің |
36. Нидерланд Корольдігінің |
|
37. Норвегия Корольдігінің |
38. Оман Сұлтандығының |
|
39. Польша Республикасының |
40. Португалия Республикасының |
|
41. Румынияның |
42. Сауд Арабиясы Корольдігінің |
|
43. Сингапур Республикасының |
44. Словак Республикасының |
|
45. Словения Республикасының |
46. Таиланд Корольдігінің |
|
47. Түркия Республикасының |
48. Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің |
|
49. Филиппиндер Республикасының |
50. Финляндия Республикасының |
|
51. Француз Республикасының |
52. Хорватия Республикасының |
|
53. Чех Республикасының |
54. Чили Республикасының |
|
55. Швейцария Конфедерациясының |
56. Швеция Корольдігінің |
|
57. Эстония Республикасының |
|
Егер Қазақстан Республикасында болу кезеңі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезден бастап күнтізбелік он төрт күннен аспаса, Иран Ислам Республикасының, Қытай Халық Республикасының және Үндістан Республикасының азаматтары күнтізбелік жүз сексен күннен тұратын әр кезең ішінде жиынтығында күнтізбелік қырық екі күн визасыз Қазақстан Республикасына келеді және Қазақстан Республикасынан кетеді.