Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтуге визаларды беру және ұзарту

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және шет елдердегі мекемелері көрсетеді.

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет берушіге:

1) Көлемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі-түсті немесе қара-ақ фотосуреті бар виза алуға арналған визалық сауалнама ( жүктеу). 

2) ҚР шет елдердегі мекемелерінде немесе ҚР СІМ-де виза ресімдеу кезінде ҚР ІІМ-де немесе ҚР СІМ-де тіркелген қолдаухаттың нөмірі және оны тіркеу күні (виза алушыға шақырудың нөмірін және берілген күнін шақырушы тарап хабарлайды), немесе алушылардың қолдаухаты.

3) Шет мемлекеттің жарамды дипломатиялық, қызметтік және шетелдік паспорты, не болмаса Қазақстан Республикасы осы қалыпта таныған және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін жеке басты куәландыратын өзге құжат (бұдан әрі – паспорт).

4) Консулдық алымды төлегенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы.

Төленген консулдық алымдардың сомасы қайтарылмайды (ҚР Салық кодексінің 629-бабының 7 тармағына сәйкес, 25.12.2017 N 120-VI нұсқа).

5) Виза санатына сәйкес қажетті қосымша құжаттар ( сілтеме). 

Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күннен аспайды.

Соммасы -

Визаны рәсімдеу үшін консулдық алым мөлшері: 

– бір мәртелік виза (туристік және транзиттік визалардан басқа) – 80 АҚШ доллары;

– көп мәртелік виза (туристік және транзиттік визалардан басқа) – 200 АҚШ доллары;

– туристік бір мәртелік виза – 60 АҚШ доллары;

– туристік көп мәртелік виза – 90 АҚШ доллары;

– транзиттік бір мәртелік виза – 20 АҚШ доллары;

– транзиттік көп мәртелік виза – 90 АҚШ доллары;

https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-minsk/online-booking?lang=kk
Дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма: құжаттарды қабылдау 09:30-12:30, құжаттарды беру 16:00-17:00. Түскі үзіліс 13:00-14:30.
Сұрақтарды келесі электрондық поштаға consul20minsk@gmail.com жіберіңіз немесе байланыс телефонына + 375 (017) 276 01 08 хабарласыңыз.

 

Дата публикации
17 февраля 2020
Дата обновления
17 февраля 2020
Тип

Сейчас читают

Хабарлама
18 февраля 2026
Қазақ тілін үйрету бойынша тегін онлайн курстары
Ақпарат
26 мая 2025
«Абай оқулары» XXVI республикалық (халықаралық) шығармашылық байқауын өткізу туралы АҚПАРАТТЫҚ АНЫҚТАМА
Ақпарат
08 апреля 2025
Қазақстанның қорғаншылық және қамқоршылық аумақтық органдарымен байланысу ақпараты

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары