Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы азаматтарының Беларусь Республикасына келу ережелері

2000 жылғы 30 қарашадағы Беларусь Республикасының Yкiметi, Қазақстан Республикасының Yкiметi, Қырғыз Республикасының Yкiметi, Ресей Федерациясының Үкіметі және Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісімге және  2005 жылғы 24 наурызда Хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары үшін Беларусь Республикасының аумағына кіру, шығу, транзиттік өту, онда  жүрiп-тұруға және болу үшін виза қажет емес.

Сонымен бірге, Беларусь Республикасының аумағына кіру тек Қазақстан Республикасы азаматының паспорты негізінде жүзеге асырылады.




Қазақстан Республикасы азаматтарының Беларусь Республикасы аумағында болу тәртібі туралы

 

2013 жылғы 4 қазанда Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Беларусь Республикасының аумағында және Беларусь Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы

Кeлiciмге сәйкес Екінші Тараптың аумағында уақытша болатын бip Тараптың азаматтары болатын Тараптың құзыретті органдарында олар кірген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде тіркелу (болатын жері бойынша есепке қою) міндетінен босатылады.

Көрсетілген уақытша болу мерзімі болатын Тараптың аумағына кipу кезінде қойылған шекара қызметі органдарының белгісі бар көші-қон картасымен расталған бip Тарап азаматының екінші Тараптың аумағына кірген күнінен бастап есептеледі.

Бip Тараптың азаматы екінші Тараптың аумағында 30 күннен артық болған жағдайда, аталған азамат болатын Тараптың заңнамасына сәйкес оның құзыретті органдарында тіркелуге (болатын жері бойынша есепке тұруға) міндетті.

Бір Тараптың азаматтары келесі жарамды құжаттар бойынша халықаралық өткізу пункттері арқылы екінші Тараптың аумағына кіреді (шығады):

      Қазақстан Республикасы үшін:

      -Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;

      -Қазақстан Республикасы азаматының дипломаттық паспорты;

      -Қазақстан Республикасы азаматының қызметтік паспорты;

      -Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі;

      -қайтып оралуға арналған куәлік (тек қана Қазақстан Республикасына қайтып оралу үшін);

      Беларусь Республикасы үшін:

      -Беларусь Республикасы азаматының паспорты;

      -Беларусь Республикасы азаматының қызметтік паспорты;

      -Беларусь Республикасы азаматының дипломаттық паспорты;

      -Беларусь Республикасы теңізшісінің ұлттық жеке куәлігі;

      -Беларусь Республикасына қайтып оралуға арналған куәлік (тек қана Беларусь Республикасына қайтып оралу үшін).

Дата публикации
26 января 2021
Дата обновления
26 января 2021
Тип

Сейчас читают

Хабарлама
18 февраля 2026
Қазақ тілін үйрету бойынша тегін онлайн курстары
Ақпарат
26 мая 2025
«Абай оқулары» XXVI республикалық (халықаралық) шығармашылық байқауын өткізу туралы АҚПАРАТТЫҚ АНЫҚТАМА
Ақпарат
08 апреля 2025
Қазақстанның қорғаншылық және қамқоршылық аумақтық органдарымен байланысу ақпараты

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары