Шетел азаматтарына ЖСН беру туралы

 

«Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін

қалыптастыру және түзету» қызметі

 

 

2025 жылы 18 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігінің Консулдық бөлімінде «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету» қызметі жүзеге асырылатынын хабарлаймыз.

Аталған қызмет пилоттық жоба болып табылады және 2025 жылдың                  31 желтоқсанына дейін қолданыста болады.

Қызметті Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы келесі шетелдік азаматтарға көрсетеді:

  • әлеуетті инвесторларға;
  • тауарларды таңбалау және қадағалау шеңберінде тауарлар айналымына қатысушыларға (Тауарларды цифрлық таңбалау үшін https://markirovka.ismet.kz/ сайтында тіркелу және жұмыс істеу қажет);
  • Қазақстан Республикасы азаматтарының жұбайы болып табылатын шетел азаматтарына (азаматтық хал актілерін АХАЖ АЖ тіркеу туралы белгі қою үшін);
  • ата-анасының бірі Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын шетел мемлекетінің балаларына (16 жасқа дейін);
  • мұраны қабылдауды жүзеге асыратын шетел азаматтарына;
  • Digital Nomad Residency және Digital Nomad Visa бағдарламаларының әлеуетті қатысушыларына (kz арқылы Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын жерге алдын ала рұқсат алу үшін);
  • мүгедектігі бар шетел азаматтарына;
  • 65 жастан бастап шетел азаматтарына;
  • өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) өндірушілері мен тіркеушілеріне («e-license» порталында пестицидтерді мемлекеттік тіркеу үшін);
  • Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғалардың, филиалдардың және (немесе) өкілдіктердің басшылары болып табылатын шетел азаматтарына.

 

Қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізімі

 

Қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесіне жеке өзі жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:

1) осы Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстырып тексеру үшін оның түпнұсқасы (егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше тәртіп белгіленбесе, жарамды шетелдік паспорт); 

әлеуетті инвесторлар үшін қосымша мынадай құжаттардың бірі:

  • Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшелігін растайтын құжаттың көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін);
  • Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі уәкілетті органы жасаған инвестициялық шарттың көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін);
  • өтініш берушінің Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық жобаның іске асырылуын растайтын мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ұсынымы;
  • көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық жобаны іске асыруы үшін оны «Астана» халықаралық қаржы орталығында (бұдан әрі – АХҚО) қатысушысының тіркеу рәсімдерін жүргізуді растайтын АХҚО ұсынымы;

тауарларды таңбалау және қадағалау шеңберінде тауарлар айналымына қатысушылар үшін қосымша:

  • тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға байланысты лауазымдық міндеттерін көрсете отырып, ұйымның «бірінші басшысын тағайындау туралы» және (немесе) ұйым қызметкеріне ішкі құжатының көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін) (таңбалау жөніндегі операциялар жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесін көрсете отырып);

Қазақстан Республикасының азаматтарымен некеде тұрған шетелдік азаматтары үшін қосымша:

  • аудармашы немесе аударма қызметтерін көрсететін ұйым куәландырған, мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы заңдастырылған не апостиль қойылған куәліктің көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін) (егер құжат толығымен шет тілінде болса);
  • ерлі-зайыптылардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін);

ата-аналарының бірі Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын шет мемлекеттің балалары үшін (16 жасқа дейін) қосымша:

  • туу туралы куәлік;
  • Ата-ананың бірінің жеке басын куәландыратын және Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжаттың көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін);

мұраны қабылдауды жүзеге асыратын шетел азаматтары үшін қосымша:

  • мұра қалдырушының қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін);
  • мұрагерлікке құқықты растайтын құжаттардың көшірмесі (некелік және туыстық қатынастар, өсиет, сот шешімі);

Digital Nomad Residency және Digital Nomad Visa бағдарламаларының әлеуетті қатысушылары үшін қосымша мынадай құжаттардың бірі:

  • IT білімі туралы дипломның көшірмесі немесе IT саласындағы біліктілікті арттыру туралы сертификаттың көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін) және үш жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар IT саласындағы портфолио (салыстыру үшін);
  • көрсетілген позицияда кемінде бір жыл мерзімі бар «бірінші басшыны тағайындау туралы» IT-компанияның ішкі құжатының көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін) (IT компаниясының басшылары үшін);

мүгедектігі бар адамдар үшін қосымша:

  • мүгедектікті растайтын медициналық анықтаманың көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін);

өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) өндірушілері мен тіркеушілері үшін қосымша:

  • сауда тізілімінен үзінді немесе қызмет түрін растайтын өзге де құжат (пестицидтер, агрохимикаттар және басқа да өсімдіктерді қорғау құралдарын өндіруге арналған лицензия, Қазақстан Республикасының аумағында өсімдіктерді қорғау құралдарын (пестицидтерді) мемлекеттік тіркеу туралы тіркеу куәлігі, өсімдіктерді қорғау құралдарын (пестицидтерді) тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің тіркеу сынақтары жоспарына енгізілгені туралы растама);

         Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғалардың, филиалдардың және (немесе) өкілдіктердің басшылары болып табылатын шетел азаматтары үшін қосымша:

  • басшылық лауазымға тағайындалғанын растайтын құжаттың көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін) (құрылтайшылардың шешімі, тағайындау туралы бұйрық).

Егер көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатта кириллицада немесе латынша нақтылау деректері (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған жері) болмаған жағдайда, құжаттың нотариалды куәландырылған аудармасын қоса беріледі.

Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады.

Ескерту: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін арнайы куәлік рәсімдеу талап етілмейді.

 

 

 

Нысан

 

кімге __________________________

_______________________________

(лауазымы, тегі және аты-жөні)

кімнен _________________________

(тегі, аты және әкесінің аты)

 

_______________________________

                                                         ____________________(шетелдік мемлекеттің атауы) азаматы(шасы)

 

Өтініш

 

_____________________________________________________________үшін жеке сәйкестендіру нөмірін беруді сұраймын.

Аты латын транскрипциясында ______________________________________

кириллица транскрипциясында ______________________________________

Тегі латын транскрипциясында ______________________________________

кириллица транскрипциясында ______________________________________

Әкесінің аты (бар болған жағдайда) латын транскрипциясында _____________________________

кириллица транскрипциясында ______________________________________

Туған күні _________________________ Жынысы_______________________ Азаматтығы ___________________ Ұлты _________________________

Келген елі __________________

Жеке басын куәландыратын құжат түрі ________________________________

Жеке басын куәландыратын құжат нөмірі ______________________________

Жеке басын куәландыратын құжатты берген күні ________________________

Жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімі _________________

Жеке басын куәландыратын құжатты берген ел __________________________

Туған жері_________________________________________________________

Ел _________________________Облыс_________________________________

Аудан _________________________Мекенжайы_________________________

Мен жоғарыда көрсетілген дербес деректерді Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (БСН 960340000514) мен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы (БСН 160440007161) жүзеге асыратын мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген кезеңге, дербес деректерді өндеу процесінде оларды трансшекаралық беруге, осы мемлекеттік қызметті көрсету мақсатында дербес деректерді үшінші тұлғаларға беруге, жинау мен өндеуге өз келісімімді беремін.

Ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

 

Дата публикации
15 апреля 2025