2025 жылғы 11 қаңтарда Беларусь Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Визаларды өзара тану туралы келісім күшіне енді

2025 жылғы 11 қаңтарда 2020 жылғы 19 маусымда қол қойылған Беларусь Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Визаларды өзара тану туралы және шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың Одақтас мемлекет құру туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің аумағына кіруіне байланысты өзге де мәселелер бойынша келісім (бұдан әрі – Келісім) күшіне енді.

Осы Келісімнің күшіне енуі Қазақстан Республикасының азаматтарына құрлықтағы Беларусь-Ресей шекарасын темір жол көлігімен, сондай-ақ қарастырылған учаскелердегі автомобиль қатынасы жолдары арқылы өтуге мүмкіндік береді: Юхновичи – Долосцы (Опочка – Новополоцк), Езерище – Невель (Киев – Санкт-Петербург), Лиозно – Кругловка (Витебск – Смоленск), Редьки – Красная Горка (Минск – Москва), Звенчатка – Дубовичка (Бобруйск- Москва), Селище – Новозыбков (Гомель – Брянск).

Бұған дейін Қазақстан азаматтарының Беларусь-Ресей шекарасын кесіп өтуі тек әуе көлігімен жүзеге асырылған еді.

Тиісті ақпарат Беларусь Республикасының СІМ сайтында орналастырылған: https://mfa.gov.by/press/news_mfa/d74f60bdc940525b.html.

 

Дата публикации
14 марта 2025