ҚАНДАС мәртебесін беру тәртібі
- Қандас мәртебесін беру туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) қандас мәртебесін алуға үміткер этникалық қазақ (бұдан әрі – өтініш беруші) осы Қағидаларға 1-қосымшағасәйкес нысан бойынша "Құтты мекен" АЖ-дағы мобильдік қосымша арқылы не осы Қағидаларға 2-қосымшағасәйкес "Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талап) тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі арқылы береді.
- "Құтты мекен" АЖ-дағы мобильдік қосымша арқылы берілген өтініш осы Қағидаларға 3-қосымшағасәйкес нысан бойынша этникалық қазақты оның өтінішін тіркеу туралы хабардар ете отырып, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қарауы үшін "Қандас" ААЖ-ға келіп түседі.
- Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы берілген өтінішті Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесінің қызметкері "Қандас" ААЖ-да тіркейді және осы Қағидаларға 3-қосымшағасәйкес нысан бойынша этникалық қазақты оның өтінішін тіркеу туралы хабардар ете отырып, "Қандас" ААЖ арқылы халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға жібереді.
- Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган өтініш келіп түскен күннен кейін бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылықтар жасағаны туралыр айып келтіретін мәліметтердің және оның террористік немесе экстремистік ұйымдарға тиесілігі туралы өзге де ақпараттың болуын тексеру үшін:
1) тиісті өңірлердің ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдарының аумақтық бөлімшелеріне;
2) Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ақпараттық жүйесі арқылы сұрау салулар жібереді.
- Ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдарының аумақтық бөлімшелері этникалық қазақтардың құжаттар топтамасын алған күннен кейін жиырма жұмыс күні ішінде халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға өтініш берушінің Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылықтар жасағаны туралыр айып келтіретін мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы ақпаратты және оның террористік немесе экстремистік ұйымдарға тиесілігі туралы өзге де ақпаратты жібереді.
- Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган ішкі істер органдары мен ұлттық қауіпсіздік органдарының аумақтық бөлімшелерінен ақпарат келіп түскен күннен кейін бір жұмыс күні ішінде "Қандас" ААЖ арқылы қоса берілген құжаттармен бірге өтінішті Комиссияның қарауына жібереді.
- Комиссия өтініш келіп түскен күннен кейін он жұмыс күні ішінде оны қарайды және өтініш берушіге қандас мәртебесін беруден бас тарту туралы немесе мынадай шарттарды ескере отырып қандас мәртебесін беру туралы ұсыным шығарады:
- Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 3-тармағының 2) тармақшасынасәйкес айқындалған өңірлерге қоныстандыру үшін;
- демографиялық дамуға қажеттілігі бар даму әлеуеті бар агломерация аумақтарында және ауылдық елді мекендерде, шағын және моноқалаларда, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларда қоныстандыру үшін;
- тұрғын үй мәселелерін өз бетінше шешу мүмкіндігімен Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын өтініш берушінің отбасымен және/немесе жақын туыстарымен қауышу үшін;
4) тұрғын үй мәселелерін өз бетінше шешу мүмкіндігімен жұмыс берушілердің шақыруы бойынша бос жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшін.
Қандас мәртебесін беру немесе беруден бас тарту туралы ұсынымды комиссия қабылдайды және хаттамамен ресімделеді.
- Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган Комиссия ұсыным шығарған күннен кейін бір жұмыс күні ішінде:
1) өтініш берушіге осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес қандас мәртебесін беру туралы немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды және қабылданған шешімді "Құтты мекен" АЖ арқылы өтініш берушіге және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесіне жібереді;
2) өтініш берушіге қандас мәртебесін беру туралы шешім қабылдаған кезде:
өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің деректерін (бар болса) ЖТ МДҚ мемлекеттік дерекқоры арқылы оның (олардың) жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) болуы тұрғысынан тексереді және ЖТ МДҚ-да ЖСН болмаған кезде "Қандас" ААЖ арқылы "Көші-қон полициясы" АЖ-ға ЖСН генерациялау үшін электрондық сұрау салуды жібереді. ЖСН бар екені анықталған кезде жаңа ЖСН генерациялау жүзеге асырылмайды және қолда бар ЖСН пайдаланылады;
"Құтты мекен" АЖ арқылы өтініш берушіге немесе Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесіне өтініш берушіге қандас мәртебесін беру туралы шешім жібереді, ол өтініш беруші шешімде көрсетілген қоныстандыру аймағына келген күні күшіне енеді, оған:
осы Қағидалардың 9-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайлар болған кезде Қазақстан Республикасы Премьер-Министр орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 234 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32880 болып тіркелген) бекітілген жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде көшіру қағидаларына сәйкес әлеуметтік келісімшарт жобасы;
бейімдеу мен интеграциялаудың жеке жоспарының жобасы қоса беріледі.
- Жергілікті атқарушы орган өтініш беруші оған қандас мәртебесін беру туралы шешімде көрсетілген қоныстандыру аймағына келген күннен кейін үш жұмыс күні ішінде:
бейімделу мен интеграцияның жеке жоспарына қол қояды;
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес айқындалған өңірлерге қоныстанған жағдайда әлеуметтік келісімшартқа қол қояды;
қандас мәртебесі туралы шешімнің күшіне енгені туралы "Қандас" ААЖ-да белгісі бар осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қандас куәлігін береді.
- Қандас мәртебесін беруден және ұзартудан бас тарту негіздері Заңның 20 бабындакөзделген.