Қазақстан Республикасының
Мексика Құрама Штаттарындағы Елшілігінің
ресми сайтына қош келдіңіздер!
Қазақстан Республикасы мен Мексика Құрама Штаттары арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 14 қаңтарда орнатылды.
2014 жылы қаңтар айында Қазақстан Республикасының Мексикадағы Елшілігі ашылды.
2024 жылғы 15 қарашадан бастап Қазақстанның Мексикадағы Елшісі болып А.Тұрғанбеков тағайындалды.
Елшіліктің басты міндеті – екіжақты өзара әрекетесттіктің барлық спектрі бойынша қазақстандық-мексикалық ынтымақтастықты дамыту және нығайту: саясат, экономика, инвестициялар, мәдениет, ғылым және білім, туризм және т.б.
Елшілік қызметіндегі басымдықтардың бірі Мексика аумағында тұратын қазақстандық азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады.
Елшіліктің қызметі туралы толық ақпаратты, ынтымақтастықтың басым салалары, негізгі екіжақты құжаттар, инвестициялық мүмкіндіктер, өзара тиімді жобалар, қазақстандық-мексикалық қарым-қатынастың негізгі іс-шаралары туралы толық ақпаратты біздің сайтымыздан таба аласыздар.
Мексикамен қатар, Елшіліктің жауапкершілігі аймағына келесі елдер мен халықаралық ұйымдар кіреді: Антигуа және Барбуда Республикасы, Багам аралдары Достастығы, Барбадос, Белиз, Гондурас Республикасы, Гренада Республикасы, Гуатемала Республикасы, Доминика Достастығы, Коста-Рика, Панама Республикасы, Эль Сальвадор Республикасы, Сент-Винсент және Гренадины, Сент-Китс және Невис Федерациясы, Сент-Люсия, Тринидад және Тобаго Республикасы, Ямайка сондай-ақ Кариб мемлекеттерінің қауымдастығы (АМҚ) мен Латын Америкасындағы және Кариб бассейніндегі ядролық қаруға тыйым салу жөніндегі агенттік (ОПАНАЛ).
Елшіліктің қызметі, екіжақты ынтымақтастық салалары, негізгі екіжақты құжаттар, инвестициялық мүмкіндіктер, бірлескен жобалар, Қазақстан-Мексика қатынастарындағы негізгі оқиғалар туралы толық ақпаратты біздің сайттан таба аласыз.
| Консулдық бөлім | |
| Мекенжайы | Мехико қ., Мигель Идальго, Ломас де Чапультепек, Фрай Гарсия Герра көшесі, 175, 11000 |
| Консулдық мәселелер | (+52) 55 1857 6344 |
| Телефон қоңыраулары | сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін қабылданады, үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін. |
| Қабылдау күндері: | дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма. |
| Құжаттарды қабылдау: | сағат 09:30-дан 12:30-ға дейін. |
| Құжаттарды беру: | сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін. |
| Елшілікте қабылдау алдын-ала жазылу арқылы жүзеге асырылатынына назар аударамыз. Құжаттарды алдын ала мына kazconsuladomexico@gmail.com электрондық поштаcына жолдауларыңызға болады. |
|
| Аса шұғыл жағдайларда Қазақстан Республикасының азаматтары үшін +52 56 6686 3146 телефоны бойынша қоңыраулар қабылданады. |
|
| Елшілік | |
| Кеңсе | (+52) 5552026888 (консулдық мәселелерден басқа) |
| embassykazmex@gmail.com | |
| Жұмыс уақыты: | дүйсенбі-жұма сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін. |