Қазақстан Елшісі Алмұрат Тұрғанбеков Мексика СІМ-не сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды

Қазақстан Елшісі Алмұрат Тұрғанбеков Мексика СІМ-не сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды

Қазақстанның Мексикадағы Елшісі Алмұрат Тұрғанбеков Мексика Сыртқы істер министрлігі Протоколының Бас директоры Джонатан Чаит Ауэрбахқа сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті.

Тапсыру рәсімінен кейін дипломаттар Қазақстан мен Мексика арасындағы екіжақты қатынастарының жай-күйі мен болашағы туралы пікір алмасты, атап айтқанда, алдағы жоғары деңгейдегі өзара сапарларға дайындық талқыланды.

Кездесу соңында Елші А.Тұрғанбеков жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға бар күш-жігерін салуға дайындығын растады.