Мексиканың Бас Конгресінің Сенатында Азия-Тынық мұхиты елдерімен халықаралық ынтымақтастық жөніндегі комиссия құрылды

Мексиканың Бас Конгресінің Сенатында Азия-Тынық мұхиты елдерімен халықаралық ынтымақтастық жөніндегі комиссия құрылды

2024 жылғы 9 қазанда Қазақстанның Мексикадағы Елшісі Тимур Пірімбетов Мексиканың Бас конгресі Сенатының шақыруымен Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерімен халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Комиссияның құрылтай отырысына қатысты. Комиссия қызметінің саласына Орталық Азия, Таяу Шығыс және Кавказ мемлекеттерімен ынтымақтастықты дамыту да кіреді.

Дауыс беру барысында сенатор Едскол Полевнски Гурвиц комиссия төрағасы болып сайланды.

Комиссияның құрылтай отырысында Сыртқы істер министрінің орынбасары М.Т.Меркадо, Сенаттың Халықаралық істер комитетінің төрағасы А.Мурат Инохоса, Сенаттың Экономикалық даму комитетінің төрағасы Э. Рейес Кармона, басқа сенаторлар сөз сөйледі.

Отырыс соңында Т.Пірімбетов сенатор Е.Полевнски Гурвиц және сыртқы істер министрінің орынбасары М. Т.Меркадомен жеке қысқа кездесулер өткізді. Кездесулер барысында тараптар Қазақстан-Мексика ынтымақтастығын жандандыруға қызығушылықтарын растады.