
2024 жылғы 1 қазанда Қазақстанның Мексикадағы Елшісі Тимур Пірімбетов Мексика Құрама Штаттарының Президенті Клаудия Шейнбаумның ресми қызметіне кірісу рәсіміне қатысты. Ол ел тарихындағы алғашқы әйел мемлекет басшысы болды.
Елші Т.Пірімбетов К.Шейнбаумға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтаулар мен ізгі тілектерді жолдады.
Мексиканың жаңа президенті ант беріп, Бас Конгресс депутаттарына, шетелдік делегацияларға және Мексикада аккредиттелген дипломатиялық корпусқа ұлықтау сөз сөйледі.
Ұлықтау рәсімі Сан-Ласаро Заң шығару сарайында (Мексиканың Бас Конгресі) өтті.