Экономикалық байланыстарды дамыту - екіжақты ынтымақтастықтың басымдығы

Экономикалық байланыстарды дамыту - екіжақты ынтымақтастықтың басымдығы

2024 жылғы 13 қыркүйекте Қазақстанның Мексикадағы Елшілігінде "Canacintra" Мексика Ұлттық қайта өңдеу өнеркәсібі және трансформация палатасының Вице-президенті Карлос Альберто Баррера Ромеромен кездесу өтті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Мексика арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылап, экономикалық мүдделерді ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын белгіледі.