ОПАНАЛ делегациясы ядролық қарудан азат аймақтар арасындағы ынтымақтастық жөніндегі конференцияға қатысты

ОПАНАЛ делегациясы ядролық қарудан азат аймақтар арасындағы ынтымақтастық жөніндегі конференцияға қатысты

2024 жылғы 27-28 тамызда Латын Америкасы мен Кариб бассейнінде (ОПАНАЛ) ядролық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымның делегациясы Қазақстан астанасында өткен ядролық қарудан азат аймақтар арасындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі конференцияға қатысты.

Конференцияны Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі БҰҰ Қарусыздану мәселелері жөніндегі Басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды.

Конференцияның негізгі мақсаты – ядролық қарусыздану мен таратпаудың жаһандық режимін нығайту мақсатында ядролық қарусыздану аймақтары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету және БҰҰ-ның басқа қарусыздану платформаларымен өзара іс-қимыл жөніндегі шараларды талқылау.

Конференцияның ашылу салтанатында БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – Қарусыздану мәселелері жөніндегі Жоғары өкіл Изуми Накамицу және Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин сөз сөйледі.

Конференция жұмысына Латын Америкасы, Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия, Тынық Мұхиты, Орталық Азия, Моңғолия сияқты басқа да ядролық қарусыз аймақтарға мүше елдер мен хатшылықтардың делегациялары қатысты.  Байқаушылар ретінде «ядролық бестікке» мүше елдердің делегациялары, ядролық қарусыздану мәселелерімен айналысатын халықаралық үкіметтік емес және академиялық құрылымдар, сондай-ақ ядролық қаруға қарсы қозғалыс белсенділері қатысты.

Конференция БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясына сәйкес жыл сайын 29 тамызда – 33 жыл бұрын Семей полигоны жабылған күні аталып өтетін Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күніне орайластырылып отыр.

ОПАНАЛ делегациясы ядролық қаруды таратпау және ядролық қарусыздану мәселелері бойынша жеке іс-шараға қатысты, оған ядролық қаруға тыйым салу жөніндегі халықаралық науқан (ICAN), ядролық қарудан азат Африка аймағы (AFCONE) қатысты.