
Қазақстанның Мексикадағы Елшілігінде 2024 жылғы 8-13 қыркүйек аралығында Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын мексикалық делегациямен кездесу өтті.
Мексика командасы Қазақстанға алғаш рет келеді және зияткерлік спорт түрлеріне қатысатын бірнеше спортшылардан тұрады. Мексикадан келген команданы Ұлттық байырғы және дәстүрлі спорт федерациясының президенті Анна Койадо Гарсия басқарады.
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының мәдени бағдарламасында Мексика атынан Мексика халықтарының әртүрлі дәстүрлі аспаптарында ойнауды шебер меңгерген аспапшы музыкант құттықтау музыкалық қойылымын ұсынады.
Кездесу барысында Елші Тимур Пірімбетов Мексика командасының Астанадағы көшпенділер ойындарына қатысуының маңыздылығын атап өтіп, бұл қадам Қазақстан мен Мексика халықтары арасындағы жақындасу мен түсіністікке ықпал ететіндігін атап өтті. Қазақстандық дипломат алдағы жарыстарда Мексика делегациясына табыс тіледі.
Кездесуге қатысушылар Қазақстанның Мексикадағы Елшілігіне, Дүниежүзілік көшпенділердің ойындарын ұйымдастыру комитетіне, Қазақстанның мәдениет және ақпарат, сондай-ақ туризм және спорт министрліктеріне осындай ауқымды спорттық іс-шараға қатысуға және демеушілік қолдауға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді.