
2024 жылғы 16 тамызда Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Елшісі Тимур Пірімбетов бастаған қазақстандық делегация Санто-Доминго қаласында Доминикан Республикасының Президенті Луис Абинадердің ұлықтау рәсіміне қатысты.
Ресми іс-шаралар барысында қазақстандық делегация Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтаулары мен ізгі тілектерін Президент Луис Абинадерге жолдады.
Елші Т.Пірімбетов Латын Америкасы елдері мен Испания делегацияларының басшыларымен бірқатар қысқа кездесулер өткізді.