Қазақстан Елшілігі Мехикода өткен жартылай марафонға қатысты

Қазақстан Елшілігі Мехикода өткен жартылай марафонға қатысты

2024 жылғы 14 шілдеде Мексика астанасында XVII Халықаралық жартылай марафон өтті. Спорттық іс-шараны астаналық мэриясы мен қалалық спорт институты, Мексиканың ұлттық жеңіл атлетика федерациясы (FMAA), Дүниежүзілік жеңіл атлетика қауымдастығы (WA), Халықаралық марафондар мен қашықтықтан жүгіру қауымдастығының (AIMS) қолдауымен ұйымдастырды.

Биылғы жылы жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен 30 мыңнан астам адам, соның ішінде жүздеген шетелдік кәсіби қашықтыққа жүгірушілер қатысты. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жартылай марафонның жеке санаты ұйымдастырылды.

Жарысқа Мексикадағы қазақстандық Елшіліктің қызметкерлері белсенді қатысып, 21,1 км қашықтықтағы жартылай марафонды толығымен еңсерді. Спорттық іс-шараның қорытындысы бойынша қазақстандық дипломаттар жартылай марафонға қатысқаны үшін сертификаттарға ие болды.

Қазіргі жартылай марафонның бағыты, бұрынғыдай, Мексика астанасының басты көрікті жерлері орналасқан Мехико Пасео-де-ла-Реформаның орталық көшелерінің бірімен өтті.