Мексикалық іскер топтар Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі

Мексикалық іскер топтар Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі

2024 жылғы 26 маусымда Қазақстан Елшісі Тимур Пірімбетов мексикалық іскер топтардың шақыруымен Мексиканың Азия бағытындағы сыртқы саудасын әртараптандыру жөніндегі конференцияға қатысты. Конференцияны Мехико штатының «CONCAEM» Палаталары мен бизнес-қауымдастықтар кеңесі, «CANACINTRA» Мексика ұлттық қайта өңдеу өнеркәсібі және трансформация палатасы, «AJR» және «RED PROCEX» сыртқы сауда компаниялары ұйымдастырды. Конференция Толука қаласының өнеркәсіптік-индустриялық аймағында өтті.

         Конференция барысында Мексиканың салалық одақтары мен бірлестіктерінің басшылары, кәсіпкерлер Азия өңірі, оның ішінде Орталық Азия елдерімен экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және әртараптандыру бойынша презентациялар мен жобаларды ұсынды.

         Т.Пірімбетов құттықтау сөз сөйлеп, мексикалық іскер топтарға Қазақстанмен сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға қызығушылық танытқаны үшін алғысын білдірді.

         Конференциядан кейін қазақстандық дипломат «CANACINTRA» және «CONCAEM» басшылығымен жеке кездесулер өткізді.