Қазақстан Елшісі Мексика Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Елшісі Мексика Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

2024 жылғы 19 маусымда Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Елшісі Тимур Пірімбетов Мексиканың қазіргі Президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадорға сенім грамоталарын табыс етті. Рәсім Ұлттық сарайда өтті.

Қысқаша сұхбат барысында А.Лопес Обрадор екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша, оның ішінде халықаралық аренада Мексика-Қазақстан ынтымақтастығын одан әрі дамытуға және нығайтуға жоғары мүдделілігін растады. Қазақстандық дипломатқа жұмыста табыс тіледі.

Сенім грамоталарын тапсыру рәсіміне Мексиканың Сыртқы істер министрі Алисия Барсена Ибарра қатысты.