Мехико қаласында «Қазақстанның алға жылжуы. Тұлғаның тарихтағы рөлі» атты онлайн баспасөз конференциясы өтті

Мехико қаласында «Қазақстанның алға жылжуы. Тұлғаның тарихтағы рөлі» атты онлайн баспасөз конференциясы өтті

2020 ж. 8 шілде, Мехико қаласы. ҚР-дың Мексикадағы Елшілігі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 80-жылдық мерейтойына арналған жергілікті БАҚ-тарға «Қазақстанның алға жылжуы. Тұлғаның тарихтағы рөлі» атты онлайн баспасөз конференциясын өткізгенін хабарлаймыз.

Болу мемлекетінің 30-ға жуық ұлттық және аймақтық телеарналары, радиостанциялары мен басылымдары өкілдерінің қатысуымен өткен іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Елемесов жиналғандарға Н.Ә.Назарбаевтың басшылығы аясында Қазақстан тарихының басты кезеңдері туралы, оның Қазақстанның дамуына қосқан үлесі туралы ақпарат беріп, Қазақстандағы соңғы саяси және экономикалық өзгерістері туралы айтты.

Іс-шарада елдегі қазіргі саяси ахуал мәселелері, сондай-ақ
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бірінші жыл президенттігінің нәтижелері талқыланды. Журналистер заманауи тиімді мемлекет құруға бағытталған елдегі негізгі реформалармен танысып, мемлекеттің қазіргі жағдайы мен одан әрі даму жоспарлары туралы толық ақпарат алды.

Сонымен қатар, Қазақстанда коронавирус пандемиясының таралуына қарсы қолданылып жатқан шаралар туралы ақпарат БАҚ өкілдерінің ерекше қызығушылығын танытты. Елші А.Елемесов елдегі эпидемиологиялық жағдай бақылауда екенін, ҚР Үкіметі індетпен уақтылы күресу үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатқанын мәлімдеді. Сонымен бірге, әлемде тек симптомдық жұқтырған адамдарды санау тәжірибесі бар екенін атап өтті. Алайда, ҚР Үкіметі ү.ж. 1 шілдеден бастап симптомдық және симптомсыз бөлу әдістемесінен бас тартқанын және екі тізімді қоса бірге санау тәжірибесіне өтіп, осының салдарынан инфекцияның өсу қарқыны айтарлықтай ұлғайғанын хабарлады.

Оған қоса, журналистер ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауының негізгі бағыттары және елдің туристік тартымдылығымен қысқаша таныстырылды.