Гватемала және Ямайка елшілерімен кездесулер

Гватемала және Ямайка елшілерімен кездесулер

Қазақстанның Мексикадағы елшісі Тимур Пірімбетов Гватемала елшісі Марко Тулио Густаво Чикас Соса және Ямайка Елшісі Шэрон Саундерспен кездесулер өткізді.

Кездесулер барысында тараптар екіжақты қатынастардың өзекті мәселелерін талқылады. Халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылға және Қазақстан азаматтары үшін Гватемала мен Ямайкамен визалық режимді ырықтандыру жөніндегі келіссөздер процесін жандандыруға жеке және ерекше назар аударылды.

Т.Пірімбетов әріптестерді еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы хабардар етті.

Басқосулар қорытындысы бойынша тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелері жөнінде пікір алмасу мақсатында тұрақты байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.